МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.014
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мектепте әр оқушыға уақыт талабына сай сапалы геометриялық білім берілуі қажет. Себебі геометрия пәні жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы оқу жылында физика-математикалық бағытта жеке пән ретінде, ал техникалық бағытта жоғары математиканың құрамындағы негізгі пәндердің бірі ретінде оқытылады. Бірінші курс білім алушылары бұл пәнді игеруде қиындықтарға тап болады. Себебі біріншіден білім алушының геометриялық білімі жеткілікті жоғары емес, екіншіден жоғары оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формасының мектептен өзгешелігі. Мақаладаорта және жоғары оқу орны білім беру деңгейлерінде геометрия пәнін оқытудың сабақтастығы мәселесі қарастырылды. Сабақтастық екі жақты, яғни мазмұнды және процессуалды тұрғыда кешенді түрде қарауды қажет етеді. Мазмұн сабақтастығын анықтауда аталғанбілім беру деңгейлеріне арналған геометрия пәнінің оқу бағдарламаларына талдау жасалды. Талдау нәтижесінде геометрия пәнінің бағдарламалары талаптарындағы перспективті-сабақтастық байланыстаранықталды. Процессуалды сабақтастық тұрғысынан аталған білім беру деңгейлерінде геометрия пәнін оқыту үдерісінұйымдастыру салыстырылды. Мақалада бірінші курс білім алушылары үшін геометрия пәнін оқытуда сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.