БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.016
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада цифрлық мәдениетті қалыптастыру контекстінде мұғалімдерді даярлау мен біліктілігін арттыруды жаңғырту міндетінің өзектілігі дәлелденген. Мақаланың негізгі мақсаты-білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ мұғалімдерге арналған кәсіптік білім беру бағдарламасын әзірлеудіңавторлық тұжырымдамасын негіздеу. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың тиімді әдістерініздеу университеттің оқу процесінде педагогикалық дизайн мүмкіндіктерін талдау және түсіну қажеттілігіне әкелді. Мақалада "педагогикалық дизайн" ұғымына талдау жасалды, осы терминнің анықтамалары талданды және оның негізгі принциптері сипатталды. Сондай-ақ, педагогикалықдизайнды жасау үшін қажет бірнеше шетелдік модельдер, соның ішінде ADDIE моделінің ерекшеліктері және оның білім берудегі тиімділігі қарастырылды. Мақала ADDIE моделіне негізделген 5 модульден тұратын курстың педагогикалық дизайн моделін ұсынады және осыкурсты әзірлеугенегіз болған сауалнама сұрақтары мен нәтижелерін талдайды. Алынған статистикалық деректерді пайдалана отырып, проблема анықталды және оны шешу жолдары ұсынылды. Педагогикалық жобалаудың тиімділігін арттыру мақсатында университеттің жұмыс оқу бағдарламасына "Мектеп математикасы курсындағы педагогикалық дизайн" тақырыбында курсты енгізу жоспарлануда. Мақалада педагогикалық дизайн ұғымы екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, бұл оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дамытуды және жоғары нәтижелергеқолжеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасын құрудағы, түрлендірудегі және сүйемелдеудегі мұғалімнің шығармашылық қызметі. Екіншіден, бұл оқыту кезінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін әртүрлі құралдар арқылыоқу оқиғаларын басқару стратегияларын зерттеумен және әзірлеумен байланысты педагогикалық ғылымның бағыты. Мақала авторлық тұрғыдан оқыту процесінде педагогикалық дизайнның құрылымы мен мазмұнын ұсынады.