ВИРТУАЛДЫЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.026
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы білімге дейін білім беру жүйесі дәстүрлі педагогикалық әдістергеқосымша жаңа технологияларды енгізудің ұзақ тарихына ие. Күннен –күнге өзгеріп отырған технологияларды оқушылар мен студенттер, тіпті мұғалімдер, ноутбуктер мен смарт –тақталар және тағы да басқа жаңа технологияларды өздігінен оқып үйренгендері де белгілі. Виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын білім беру жүйесінде, әсіресе бастауыш сыныптарда қолдануоқушылардың қызығушылығының арттыруына және көп уақыт бойы келе жатқан классикалық әдістерге заманауи өзгерістерді әкеледі. Мақаладаекінші сынып оқушыларының «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім, білік, дағдысы мен білім алуға қызығушылығын арттыру мақсатында барлық бөлімдерін қамтитын толықтырылған және виртуалды шындық технологиялары қолданылғанжұмыс дәптерін қолдану нәтижелері жай туралы қарастырылды. Жұмыс дәптердің «Компьютердің құрылғылары» тақырыбында оқушылар 3D обьектілермен қоса виртуалды көзілдіріктің көмегімен виртуалды жұмыс үстелінде компьютердің құрылғыларымен танысып, компьютердегі видеобейнені де көре алады. AR және VR элементтерін қамтитын «2-сынып оқушыларына арналған цифрлық сауаттылықты дамыту» бойынша жұмыс дәптері Қостанай облысы Қостанайауданындағы жалпы білім беретін екі қазақ мектебінде аппробациядан өтті. Сонымен қоса, Virtual Reality (VR) және Augmented Reality(AR) технологияларын оқу процесінде қолданылуының практикалық мысалы да қарастырылып, тиімділігі анықталды.