АУАНЫ ЖЕЛДЕТУ МЕН ЭНЕРГОҚАМТУДЫҢ АККУМУЛЯЦИЯЛЫҚ ГЕЛИОЖҮЙЕСІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/ectu7696
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада органикалық отынмен жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін автономды жылумен жабдықтау жүйелері мен жылу электр станцияларының қоршаған ортаға зиянды әсері туралы айтылады, сондай-ақ оларға балама ретінде дербес энергиямен жабдықтау жүйелері ретінде автономды аккумуляторлық энергиямен жабдықтау және кондиционерлеу жүйесі ұсынылады. Сондай-ақ, жеке тұрған ғимараттар мен бөлмелерді жылу және электрмен қамту, ауаны желдетудің экологиялық таза автономды аккумуляциялық гелиожүйенің негізгі элементтерін күннің энергиясын пайдалана отырып жобалау сұрақтары қарастырылды. Негізінен, жүйеде екі бір-бірінен тәуелсіз тізбек бар, біріншісі – ауаны желдету сплит-кондиционер жүйесінің фреонды тізбегі, ал, екіншісі – тізбектің салқындатқышы – антифриздің сулы ерітіндісі және судың антифриз ерітіндісі ретінде жүреді және жылу сорғысы, екіфазалы жылу аккумуляторлар мен ыстық су қыздырғыштарының қатар орналасқан жиектері, айналым сорғысы және күн энергетикалық коллекторлары (жинағыш) бар жүйе. Жиектер бір-бірімен сплит-жүйенің ішкі жиектеріндегі рекуперативті жылуалмастырғыштармен жалғасқан. Ұсынылған автономды аккумуляторлық гелиожүйенің артықшылықтары аталып, күн энергиясы коллекторларының қажетті ауданын және екі фазалы жылу батареясының сыйымдылығын есептеу мысалы қарастырылған. Мысалда жылу сорғылары компрессорларының жетегінің электр жүктемесінің орташа қуаты, екі фазалы аккумулятордың жылу сыйымдылығы, ыстық сумен жабдықтау жүктемесі және жылыту жүктемесі есептелген. Кілтті сөздер: автономды жүйе, жылумен қамту жүйелері, автономды аккумуляциялық гелиожүйесі, күн энергетикалық коллектор, жылулық сорғы, жылулық сорғы компрессоры.