Abstract
Бұл мақалада Гельмгольц акустика немесе электродинамика мәселелерін талдау үшін параллель программалауды қолдануды қарастыратын боламыз. Гельмгольц теңдеулері акустикада, оптикада және басқа салаларда маңызды рөл атқарады, бұл толқындардың таралуын модельдеуге мүмкіндік береді. Электродинамика мәселелері электромагниттік өрістер мен толқындық процестерді талдау үшін инженерияда, электроникада және басқа да көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Бұл мақала осы есептерді шешудің тиімділігін жақсарту үшін параллельді программалауды қолдануға бағытталған. Гельмгольц теңдеуінің акустика немесе электродинамика есептерін шешудің қолданыстағы әдістерін қарастыруды, сондай-ақ біз әзірлеген параллель алгоритмдер мен шешімдердің өнімділігі мен дәлдігін жақсартуға бағытталған эксперименттердің нәтижелерін ұсынуды жоспарлап отырмыз.