АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕРЖӘНЕ ОЛАРД ЫҢЖОО-ДА ОҚЫТЫЛУЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.73.2.007
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштерді жоғары оқу орындарында қалайша ұтымды оқытуға болатындығы жайлы айтылады. Алтын Орда дәуірінің қалайша қалыптасқанынан бастап, сол дәуірдегі шығармаларды қамти отырып, жоғары оқу орнында әртүрлі интербелсенді технологияларды, соның ішінде дәрістің маңыздылығы жайлы айтылады. Мақаланың негізгі міндеті сабақ барысында, әсіресе қазақ әдебиеті сабағында жоғары әдістемелік шеберлік көрсету мақсатында түрлі жаңа технологияларды қалай қолдануға болатынын көрсету. Сондай-ақ Алтын Орда дәуіріндегі шығармаларды жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды оқыту арқылы студенттердің рухани құндылықтарын дамытуға болатынын айқындау.Мақалада теориялық талдау, ақпаратты жинақтау әдістері қолданылады. Олардың тәжірибеде қолданылуы көрсетіледі. Мақаланың маңыздылығына келетін болсақ, Алтын Орда жәдігерлерін жоғарғы оқу орындарында оқыту мәселесі қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылатыны туралы сөз қозғаған дұрыс. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі Алтын Орда дәуірін зерттеу аса маңызды болып саналады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тақырыбын насихаттау бойынша бірқатар бастаманы мақұлдады. Осыған орай Атырауда «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты: «Біз Алтын Орда дәуірінен келген құнды жәдігерлерді дүниежүзіне танытып, оны туризм саласын дамыту үшін тиімді пайдалануымыз керек»,- деді. Және де осы Алтын Орда жәдігерлерімен студенттерді таныстыру тарихымыздың ұмытылмауына қосатын бірден бір үлес болмақ.Қорытакелгенде, мақалада Алтын Орда жәдігерлерін ЖОО оқыту барысында интербелсенді технологияларды қолдану өте тиімді екені анықталады, себебі ол студенттерді оқу барысына қызықтырып, шығармашылыққабойлауына септігін тигізеді.