Abstract
Бұл ғылыми мақалада 90-жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алыпжаңа мемлекет ретінде қалыптаса бастаған кезеңдегі жаңа әлеуметтік құбылыс – кәсіпкерліктіңқалыптасуының алғышарты болған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралықарастырылады. Автор мақалада сол кезеңде жүргізілген реформалардың жетістіктері менкемшіліктерін атап көрсетеді. Кәсіпкерлік – жаңа әлеуметтік институт, кәсіпкерліктің қалыптасуыбіздің қоғамға көптеген өзгерістер алып келді. Жаңа әлеуметтік топтар мен жіктер пайда болды,қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеріске ұшырады. Әкімшіл-әміршіл жүйедегі экономиканыңкүйреуі, нарық элементтерінің пайда болуы бұрынғы қоғамдағы шаруашылық субъектілеріненәлдеқайда өзгеше, өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылықсубъектілерін әкелген болатын. Қазіргі уақытта елімізде орта таптың бір жігі ретінде қалыптасқанкәсіпкерлер тобы қоғамның дамуы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік жіктелуге,әлеуметтік мобильдікке де өз әсерін тигізіп келеді. Нарықтық экономика мен демократиялықдамуға бағытталған Қазақстанның осыдан 30 жыл бұрынғы тарихи таңдауы қоғамның саяси,экономикалық және әлеуметтік өмірінің барлық жақтарын реформалауға мүмкіндік берді.