ОҚЫТУДЫҢ КОГНИТИВТІ ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ДЕРБЕС БЕЙІМДЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.73.2.025
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақаладағы ғылыми зерттеу өзекті болып табылады және оқу материалын әр білім алушының жеке мүмкіндіктеріне бейімдеуге және барлық оқу курстарында оқытылатын оқу материалын түсінуге бағытталған. Ғылыми зерттеудің мақсаты – оқытудың когнитивті теориясына негізделген дербес бейімдеп оқыту технологиясын әзірлеу. Мақсатқа жету үшін қолданыстағы оқыту технологияларына шолу және салыстырмалы талдау жүргізілді. Шетелдік және отандық білім беру жүйелеріндегі білім беру технологияларын талдау арқылы дербес бейімдеп оқыту технологиясына қойылатын талаптарды анықталды. Бейімдеп оқытуды енгізу әрбір білім алушы үшін неғұрлым өзекті және күрделі мазмұнды ұсына отырып, оқытудың қажетті нәтижелеріне қысқамерзімде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің әдіснамалық базасы жүйелік талдау мен білімді басқарудың әдістері мен технологияларынан тұрады. Оқытудағы когнитивтік теория әрбір білім алушыға түсіндірілетін кіріс ақпаратын түсінуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Оқытудың когнитивті теориясына сүйене отырып, авторлар әр білім алушының ерекше қажеттіліктері мен сипаттамаларын ескере отырып, оқу процесін оңтайландыруға қабілетті инновациялық бейімделу технологиясын әзірлеуді ұсынады. Жұмыстың қорытындысыкогнитивті теория білім алушының танымдық дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен бірге зерттейтін ақпаратты түсінуді қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бір құрылымын құруға бағытталғандығына негізделген. Зерттеу нәтижелері қазіргі білім беру тәжірибесінде оқытудың дербес бейімделу әдістерін қолдану перспективасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мақала оқу процесін оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру және ақпараттық технологиялар саласының дамуына құнды үлес қосады. Копеев Ж.Б.1, *Жилмагамбетова Р.З.2, Кусманов К.Р.3, Класикан E.4 1PhD, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстанe-mail: zhanat_kb@mail.ru*2докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана, Қазақстанe-mail: ali_raushan@mail.ru3информатикамагистрі, Ә. МарғұланатындағыПавлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстанe-mail: kuat-75@mail.ru4PhD, қауымдастырылған профессор, Омер Халисдемир атындағы Нийде университеті. Нийде, Турция