ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНЕ XVІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БИЛЕУШІ ЭЛИТАСЫНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.018
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада жоғары мектепте Қазақстанның жаңа тарихын оқытуда XVІІ ғ. соңғы ширегі-ХІХ ғ. басын-дағы қазақ қоғамының билеуші элитасының эпистолярлық мұрасын қолданудың тиімділігі қарастыры-лады. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның жаңа тарихы пәнін игеру процесінде белгілі тарихшы И.В. Ерофееваның басшылығымен 2014 жылы жарияланған «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 годов» екі томдық тарихи құжаттар негізінде қазақ хандары мен сұлтандарының эпистолярлық мұрасын Қазақстанның жаңа тарихы пәні аясында қолданысқа енгізудің тиімділігінің теориялық аспектілерін ашу. Тарихшы-маман әртүрлі тарихи деректерге сүйене отырып ғылыми зерттеулерін жүзеге асырады. Деректануда эпистолярлық деректер мемуарлар және естеліктермен қатар жеке тұлғалық деректердің құрамына енеді. Кеңестік дәуірде ғалымдар эпистолярлық деректерді субъективті деп есептеп, тек қосал-қыдеректер ретінде қарастырғандықтан, олардың ақпараттық және ғылыми әлеуетін тиімді түрде пайданабады. Болашақ тарих мұғалімдерін даярлау процесінде тарихи деректермен жұмыс жүргізу ерекше маңыз-ды орын алады. Өкінішке қарай соңғы жылдары зерттеушілердің арнайы жүргізген сауалнамалары мен бақылауларда білім алушылар тарапынан деректерді оқу процесінде қолдануда және оларды талдауда олқылықтардың орын алуы айқындалады. Тарихты оқыту әдістемесінде тарихи деректермен жұмыс жүргізу ең өзекті тақырыптардың бірі. Деректерді талдау күрделі процесс, сондықтан да ол білім алушы-лардан арнайы дайындықты, тиісінше теориялық білімді, қажетті дағдылардың қалыптасуы мен дамуын талап етеді. Мақалада қазақ билеуші элитасының эпистолярлық мұрасын оқу процесіне енгізе отырып, оның студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруы үшін қажет көптеген дағдылар мен құзыреттіліктерінің дамуына ықпал ететіндігі негізделеді. XVІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ хандары мен сұлтандарының хаттарын оқу процесінде дерек ретінде қолдану болашақ тарихшылардың Қазақстанның жаңа тарихы пәнінен теориялық білімін тереңдетуге, ғылыми ізденіс қабілетін арттыруға, олардың бойында тарихи санасын қалыптастыруға ерекше ықпал ететіндігі жөнінде тұжырымдар келтіріледі.