ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.002
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала Түркістан өлкесіндегі қазақ зиялыларының соңына қалдырған мәдени мұрасын жинақтау және жүйелеуге арналған. Түркістандық зиялылылардың ұлттық баспасөзді қалыптастырудағы қызметі, дәстүрлі білім беру жүйесін модернизациялаудағы және тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен жаңғыр-тудағы қызметі деректік негізде талданады. «Түркістан уәлаятының газетасы» мен «Ақ жол» газетіне дейінгі ұлттық басылымдар қызметіне ұлттық идея қалыптастырушы фактор ретінде баға беріледі. Ұлт зиялылары өкілдері М.Сұлтанқожаұлы, С.Лапин, Қ.Қожықов, К.Төгісов, М.Шоқай, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, М.Дулатов және т.б зиялылардың Түркістан өлкесіндегі мәдени қызметінде қалыптастырған шығармалары талданады. С.Лапиннің шығыстану мен түркология саласындағы еңбектері, Қ.Қожықовтың жәдиттік үлгідегі әліппесі, өзге авторлардың түрлі жанрлардағы шығармалары өлкедегі мәдени өмірді жаңғыртуда елеулі рөл атқарды. Мақалада түркістандық зиялылардың мәдени мұрасының ұлт руханиаты-на қосқан үлесі туралы бірқатар тұжырымдар жасалған. ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының ғылыми зерттеудегі қызметтерін ғылыми негізде талдап, әлі де зерттелмеген жақтарын ашып көрсету қажет деп есептейміз. Қазақ зиялылары арқасында Түркістан өлкесі ғылымының дамуында ерекше рөл атқарған тұлғалардың еңбегі бағалануы тиіс.Мақалада Түркістан өлкесінде қызмет жасаған зиялылардың зерттеулерін басшылыққа алып, жаңа көзқарас жағынан қарастырылды.