Abstract
Шифрланған құпия деректерді алдымен кері шифрламай есептеу мүмкіндігін беретін криптографияның жаңа тенденцияларының бірі - гомоморфты шифрлау. Осындай технологияларға деген қызығушылықтың артуына байланысты, толығымен гомоморфты шифрлауды қолдайтын кітапханалардың саны артуда. Алайда, аталған криптография саласының салыстырмалы түрде жас болуына байланысты, толық гомоморфты шифрлау кітапханаларын қолдану бойынша стандарттар мен нұсқаулар әлі де әзірленуде. Осыған байланысты, пайдаланатын кітапханалардың криптографиялық тұрақтылық мәселелеріне назар аудармай, аталған кітапханаларды қолдану ақпараттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Мақалада RSA, Эль-Гамаль, Джентри гомоморфты шифрлау схемаларын практикалық қолдану мәселелері, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қолайлы кітапханаларды таңдау және оларды инициализациялау параметрлері қарастырылды. Джентри толық гомоморфты шифрлау кітапханасының қосу және көбейту операциясы бойынша есептеу өнімділігі салыстырылып, нәтижесінде мақалада ұсынылған кітапхананың шифрланған деректерді есептеу жылдамдығы шамамен 1,52 есе жоғары болды.