Abstract
Бұл мақаланың негізгі мақсаты - ұшақ корпусының бұйымдары үшін композициялық материалдарды пайдалануды көрсету. Ұшу аппараттарының экономикалық тиімділігін арттыру үшін массаның төмендеуі қазіргі таңда авиацияда өте қажетті процесс болып табылады. Бұл міндеттерді композициялық материалдар орындауда. Композициялық материалдар жақсартылған өнімділікке қол жеткізу үшін әртүрлі компоненттерді біріктіретін құрылымдық материалдардың бір түріне жатады. Композициялық материалдардың мысалдарына: бор, көміртек және шыны талшықтармен нығайтылған пластик, сондай-ақ болат немесе бериллий жіптерімен нығайтылған алюминий жатады. Компоненттердің құрамын біріктіре отырып, берік, ыстыққа төзімді және басқа да қажетті сипаттамалары бар материалдарды жасауға болады. Жалпы, бұл зерттеуде композициялық материалдарды пайдалану жеңіл, сенімді және көп функциялы материалдарды қажет ететін авиация, автомобиль, құрылыс және басқа әртүрлі салаларда кең таралғаны көрсетіледі.