Abstract
Бұл мақала агроөнеркәсіп кешенінің дамуын жетілдіруді мақсаттайтын, ауыл шаруашылығын автоматтандыру жолдарын қарастыру мен дамыту мақсатында жазылған. Мақалада әлемдік тәжірибедегі робот-комбайнды автоматтандыру бағытындағы түрлі әдістер, үлгілерге шолу жасалып, соған сай құрылысы қарапайым, өзіндік құны арзан, заманауи және жоғары өнімділікті автоматтандырылған әмбебап робот-комбайн жасау үлгісі көрсетілді. Онымен қоса, оның жасалу жолы, қолданылған материалдар, дәлелдеме есептеулері ұсынылған.