МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДА ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ МЕН ӨМІР САЛТЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ РӨЛІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.14.50.009
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі таңда медицинада метаболизмдік синдром өзекті мәселе болып қала береді және ол жыл сайын жасару тенденциясында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары метаболизмдік синдромды «ХХІ ғасырдың пандемиясы» деп сипаттады. Метаболизмдік синдром — ересек популяциялар арасында таралуы жоғары және бүкіл әлем бойынша қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері үшін жоғары шығындары бар кардиометаболикалық қауіп факторларының бірі.ДДҰ деректері бойынша ересек популяцияда МС жиілігі 20-40% құрайды, ал келесі 20 жылда ол 50% артуы мүмкін. Mетаболизмдік синдромның жоғары жиілікте таралуына байланысты оны ерте анықтауасқынулардыуақтылы алдын алуды үшін үлкен маңызға ие. Зерттеудің мақсаты: метаболизмдік синдромның дамуындағы тамақтану бұзылыстарының, өмір салтының рөлін зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жасау. Іздеу стратегиясы. Әдебиеттерді шолу барысында PubMed, Medline, Google Scholar, Embase, Web of Science ғылыми дерекқорларынан 2018 жылдан 2024 жылға дейін жарияланған мақалалар талданды. Іздеу үшін «метаболикалық синдром», «семіздік», «гиподинамия», «тамақтану тәртібі», «тамақтану режимі», «салауатты өмір салты» кілт сөздері қолданылды. Ғылыми мақалаларға талдау жасау барысындаметаболизмдіксиндромы бар адамдардың тамақтану тәртібі және өмір салты бұзылыстарының байланысы бар екендігі анықталды. Метаболизмдік синдромның (MС) анықтамасы оның әмбебап критерийлерін белгілеудегі қиындықтарға байланысты жылдар бойы бірнеше өзгерістерге ұшырады. Аталған синдроммен тығыз байланысты асқынулары жүрек-қан тамырлары аурулары және 2 типті қант диабеті болғантықтан,реттелетін факторлар ретінде тамақтану тәртібі мен өмір салтын модификациялау арқылы метаболиздік синдромы бар науқастарды жеке ерекшеліктерге бағытталған персонализацияланғантактика және асқынуларын алдын алу өзіндік септігін тигізеді.