ҰЛТТЫҚМІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ КОММУНИКАЦИЯДА БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР АРҚЫЛЫ КӨРІНУІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.73.2.006
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ халқының қатысым мәдениеті, соның ішінде амандасу кезіндегі ым-ишаралардың коммуникативтік әрі танымдық қызметі ұлттық ментальды-лингвальды кешеннің маңызды элементі ретінде талданады. Бейвербалды амалдарға қатыстыотандық зерттеулерде аталабермейтін ұлттықкоммуникативтік мінез-құлық ұғымыалғаш рет қолданылып, тілдік емес құралдармен байланысы көрсетілді. Зерттеудің мақсаты –қазақ тіл білімінде зерттелуі кешеуілдеп келе жатқан бейвербалды амалдарды коммуникативтік аспектіде, яғни коммуникативтік акті –коммуникативтік жағдаят –коммуниканттар позициясы тұрғысынан талдау және олардың прагматикалық, когнитивтік мәнін ашу. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы: бейвербалды амалдарды антропоөзектік және функционалдық аспектіде қарастыра отырып, қазақ халқының ұлттық коммуникативтік мінез-құлқы туралы тың тұжырымдар жасалды. Зерттеу қорытындылары қазақтыңұлттық қатысым мәдениетін, коммуникация теориясын нысанға алған басқа да антропоөзектік бағыттағы ғылыми ізденістер үшін пайдалы болмақ. Сондай-ақ тілдік емес құралдартуралы зерттеулерді жаңа тұжырымдармен толықтырады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін паралингвистика, коммуникативтік актілер теориясы, когнитивті лингвистика т.б. тілдің танымдық қызметін зерттейтін салаларда және қазақ халқының ұлттық ерекшелігін қарастыратын елтаным, психология, бихевиоризм, мәдениеттану бағытындағы басқа да ғылыми зерттеулерде теориялық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеуде негізгі нәтижелерге қол жеткізу үшін теориялық ақпараттар сипаттама және синтез әдісі арқылы сараланды. «Абай жолы» роман-эпопеясынан жинақталған тілдік бірліктерді талдауда бихевиористікәдіс, семантикалық әдіс және когнитивтік талдау әдістеріқолданылды. Зерттеу нәтижесінде бірнеше нақты тұжырымдар жасалды:-қазаққатысым мәдениетінде амандасу барысында сағыну, қоштасу, қимастық, алауыздық, мейірім семантикалары бейвербалды кодтар арқылы беріледі; -отбасы коммуникациясында амандасу иерархиясы тілдік емес құралдар арқылы көрініс табады: ер бала ең бірінші әкесіне, содан кейін отбасының басқа мүшелеріне сәлем береді. Баланың әкесімен сәлемдесу кезінде коммуникативтік мінез-құлқы өзгереді және кідіріс, төмен тон секілді просодикалық амалдар белсенді қолданылады;-параамалдар негізгі ақпаратпен қоса коммуниканттардың бір-біріне деген көзқарасын, көңіл күйін, прагматикасын айқын көрсететін және коммуникативтік жағдаят ерекшелігін танытатын негізгі маркерлерге жатады.