Abstract
Мақалада адам құқықтарының жүзеге асырылуында маңызды болып табылатын азаматтық институтына, азаматтық ұғымына, азаматтыққа қатысты халықаралық конвен-цияларға және ұлттық заңнамаларға, сонымен қатар азаматтық саласындағы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау негізінде азаматтық институтының қалыптасуының сұрақ-тары қарастырылып, зерттеледі. Посткеңестік елдердің азаматтық туралы заңнамаларының қалыптасуына, бекітілуіне, заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ой пікірлеріне құқықтық шолулар жасалып, ортақ пікірге сипаттама беріледі. Сонымен бірге, мақалада азаматтыққа құқықты жүзеге асыру, жалпы азаматтыққа қатыстынормалардың Қазақстан Республикасындағы заңнамаларда кӛрініс табуы зерттеліп, елдегі азаматтыққа қатысты заңнамаларды жетілдіруде басты шарт ұлттық заңнамаға адам құқықтары жӛніндегі халықаралық стандарттады сақтау әрі осы бағытта үнемі дамып отыру жӛнінде қорытындылар жасалған.