ДЫБЫСТЫҚ ДИЗАЙНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ҮРДІСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ДЫБЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i2.881
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала дыбыстық дизайндағы жасанды интеллекттің қолданылуын зерттеуге арналған. Авторлар дыбысты жасау, өңдеу және ойнату үшін қолданылатын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді талдайды және ЖИ бұл процестерді оңтайландыратынын қарастырады. Жаңа дыбыстық эффектілерді жасау және оларды нақты жобаларға бейімдеу саласындағы ЖИ мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Мақалада дыбыстық дизайнда қолдану жұмыс процестерінің тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар соңғы өнімнің сапасын едәуір жақсартуға ықпал ететіндігін көрсететін зерттеу нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар дыбыстық дизайнды қолданудың кейбір мысалдары, осы тәсілдің ықтимал артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады. Дыбыстық эффектілерді құрастыру үшін жасанды интеллект қолданылатын заманауи аудио дизайнда дыбыс инженерлері процестерді автоматтандыру мен сапасын жақсартуда жасанды интеллекттің қолданылуын терең түсінуді, талдауды қажет етеді. Бұл жаңа дыбыстарды зерттеу, синтездеу, әртүрлі құралдарды модельдеу мен бірегей дыбыс әсерлерін құрастыру процесінде генеративті модельдермен, нейрондық желілермен жұмыс істеу үшін эксперименталды бағытталған зерттеу мен дизайндау әдістерін пайдалануды қамтиды. Бұл процесс барысында эмпирикалық әдіс пен салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мақала тақырыбының аясында әртүрлі мамандар мен ғалымдар зерттеулер жүргізілді. "AI in the media and creative industries" деп аталатын ұжымдық монография әртүрлі елдердің көптеген ғалымдарының, соның ішінде Giuseppe Amato, Malte Behrmann, және басқаларының бірлескен жұмысы қарстырылады. Монографияда жасанды интеллект саласындағы соңғы технологиялық әзірлемелер және олардың шығармашылық индустрияларға әсері талқыланады. ЖИ-ні шығармашылық салаларда қолдануға қатысты мәселелерге назар аудара отырып, бұл технологияның осы тұрғыда зерттеулер мен әзірлемелерге ықпал ете алатындығы туралы көзқарас ұсынылады. Стюарт Каннингэм, Харрисон Ридли, Джонатан Вайнель, Ричард Пикинд «Дыбыстық эмоцияны тануға арналған машиналық оқыту» зерттеулері дыбыстық эмоцияны тану үшін машиналық оқытуды қолдануға бағытталған. Авторлар дыбыстық ерекшеліктерді, регрессиялық модельдерді және жасанды нейрондық желілерді қолдана отырып, фильмдердің дыбыстық дизайнын жақсарту мүмкіндіктерін зерттейді. Мақалада ЖИ-ні дыбыстық дизайнда қолданудың ықтимал мәселелері мен шектеулері талқыланады және оларды шешудің мүмкін болатын жолдары ұсынылады. Қорытындылай келе, авторлар осы саланың болашақ дамуында ЖИ-нің алдағы жылдары дыбыстық дизайнды қалай өзгерте алатындығы туралы болжам жасайды.