ХИКАЯТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САНА

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.2-02
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ фольклорының прозалық жанрларының бірі хикаят мәтіндеріне сараптаулар жасалып, негізінен пайғамбарлар өміріне байланысты туған хикаяттарға басымдық беріледі. Зерттеуде хикаят жанрының жиналуы мен жүйеленуі, жариялануы мен зерттелуі туралы еңбектері жан-жақты қарастырылады. Бұған дейінгі хикаят жанрына байланысты жазылған еңбектер арнайы назарға алынып, оларға сілтемелер жасалады. Зерттеуге алынған мәтіндер фольклортанудың ғылыми жетістіктері аясында сараланады. Зерттеу барысында әпсана-хикаяттың ғибраттық, танымдық қырларына тоқталып, негізінен «Бабалар сөзі» жүзтомдығында жарық көрген хикаят мәтіндеріне талдау жүргізіледі. Елімізде тараған хикаяттардың негізі – ертедегі «Қиссасул-әнбия» кітабы екеніне барлау жасалады. Онда Адам-Ата мен Хауа-Анадан бастап, Мұхаммед пайғамбарға дейінгі пайғамбарлардың дүниеге келуі мен олардың өнегелі өмірі туралы баяндалған мәтіндерге сарапталады. Сонымен бірге діни жоралғылардың қалай орындалатыны туралы да алғаш рет сонда айтылғаны туралы ой тұжырымдалады. Пайғамбарлар мен әулиелердің өмірлері туралы айтылған ғибратты әңгімелері назарға алынып, жан-жақты талдаулар жасалады. Сол тұлғалардың адалдық пен ізгілік, адамгершілік жолында қандай да бір қиындық кездесіп жатса, оны жеңе білудің жол-жобасын көрсететін мәтіндерге назар аударылады. Қоғамдық қарым-қатынаста, мемлекеттік мәселелерде, тіпті отбасындағы ерлі-зайыпты адамдар мен бала-шаға арасындағы жағдайларға байланысты түсінік танытып, шығар жол көрсете білуіне тоқталады. Бұларды жинақтай келгенде хикаяттағы кездесетін образдар ізгі және мағыналы өмір сүруге ұмтылатын, өздеріне сенушілердің таным-түсінігіне сілкініс тудыратын даналық пен басшылықты ұсына отырып, діни дәстүрлерде шешуші рөл атқаратыны сараланады. Өздерінің ілімдері мен үлгілері арқылы адамгершілік қағидаттары жеке адамдарды, ізгі қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал ететіні талданады.