«Ақсақ құлан – Жошы хан» аңызы: тарихилығы, көркемдігі және дәстүр сабақтастығы

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-167-178
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақ фольклорының тарихи хронологиялық кезеңдерінің бірі – Шыңғыс хан дәуірі. Шыңғыс хан заманынан нәр алатын фольклорлық мұраның қалың көмбесі ел арасында сақталып жеткен. Соның бірі – қазақ фольклорында өлең-жыр, күй аңызы, топонимикалық әпсаналар мазмұнында кездесетін «Ақсақ құлан–Жошы хан» аңызы.Аңыздың тарихи негізі Шыңғыс ханның өмірінде орын алған оқиғадан туындаған.Жошы өмірде әкесінен бұрын жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Оның өлімітуралы әңгімелер сол заманның өзінде-ақ аңыздалып, Шыңғыс хан тарихы жазылған орта ғасырлық парсы-түркілік нарративтік туындыларға түседі.Сондай туындылардың қатарына авторы беймәлім «Шаджарат аль-атрак» жазбасына тіркелген аңыздық нұсқаны атауға болады. Онда қайғылы қазаны ханға жеткізуші – Ұлық Жыршы. Ал қазақ арасындағы аңыздық нұсқалар ХІХ ғасырда Ш.Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, ХХ ғасырдың басында Отыншы Әлжанов сынды белгілі фольклор жинаушылардың жазбаларына тіркелген. Аңыздың орта ғасырдағы түркілік варианты мен кейінгі қазақ арасындағы нұсқалардысалыстыра зерттеу – бүгінгі фольклортанудың өзекті мәселелердің бірі.Көне түркілік және қазақ фольклорындағы Жошы ханның өлімі туралы жыр-аңызнегізінен аңшылық үстінде орын алған оқиғаның мән-жайын нақты баяндауғақұрылмаған, тағдырдың жазғанына мойынұсынуды ғибрат етуге бағытталған.Мұнда болған оқиғаның жай-жапсарын жеткізуден гөрі, Шыңғыстың қаталмінезін сынау және өнер иесінің құдіретін асқатату сарындары орын алған.Бір сөзбен айтқанда, абсолюттік билік иесі ханды қарапайым өнер иесініңтапқырлықпен тосылдыру – билік тұтқасын ұстаған кісілер халықпен санасуытиіс деген саяси танымға арқау болған халықтың аңсары. Мақалада осы аталғанмәселелер талданып, тиісті қорытындылар жасалған.