Мәтіндегі мифтік мотивтердің қызметі (М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» хикаяты негізінде)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-192-202
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Көркем шығарма – әдебиеттанушылық тұрғыда ерекше әдіснамалық зерттеуді қажет ететін нысан. Әдеби туындыда танымдық, идеялық, эмоционалдықсипат тоғыса көрініс табатындықтан, оған кешенді филологиялық талдау қажет.Көркем мәтіннің ішкі мазмұнында шынайы болмыс пен шығармашылық қиял үндесіп, субъективтілік пен объективтіліктің бұлжымас бірлігі орын алады. Осыдан келіп автордың дүниетанымы, дербес ұстанымы, бағалауыштық тұрғыдағы ойы орнығады. Мотив – көркем шығармадағы маңызды категория. Мотив арқылы көркем туындыдағы жетекші идея, қаламгердің болмысы танылады. Мақалада мотивтің теориялық сипаты туралы тұжырымдардыңең негізгілері қарастырылып, оның туынды кеңістігіндегі функциясы зерттеледі.Филолог ғалымдардың мотивке берген анықтамалары сараланып, мотивтіңтүрлері, орнығуы, өзге әдебиеттану категорияларымен кіріге қолданылуықарастырылады. Соның ішінде мәтін құрылымындағы мифтік мотивтіңерекшелігі нақты зерттеу өзегіне алынады. Көркем шығармадағы мифтік мотивтіңидеялық, көркемдік-эстетикалық қызметін айқындауда М.Мағауиннің «Қыпшақаруы» хикаяты талданады. «Қыпшақ аруы» хикаятындағы микросюжеттің, яғнимотивтердің бастауында тұрған қыпшақ балбал мүсіндеріне қатысты мотив-бейне туралы айтылып, автор мен кейіпкер байланысы «альтер эго» – «басқамен» ұғымы аясында көрсетіледі. Мәтіндегі мотив-бейненің лейтмотивке айналуэволюциясына назар аударылып, тұжырым жасалады.