ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ АШЫҚ ҚАРА – ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАҒЫ ПЕСТИЦИД ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/14
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Агрофитоценоздарды зиянкестерден қорғау үшін қажет пестицидтерді шамадан тыс және теңгерімсіз қолдану табиғи ортаның ластануына әкеледі. Заттардың табиғи айналымына кіретін, және де сондықтан тез жоғалып кететін немесе жойылып кететін пестицидтерді қолдану, жойылмайтын, табиғи айналымға кірмейтін және азық-түлік тізбектері мен биотоптарда жиналатын пестицидтерден бас тарту экологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеу пәні болып табылады. Бұл мақалада өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ауыл шаруашылығы өндірісі аумағының белгілі бір учаскесін топырақтың пестицидтер қалдықтарымен ластануы тұрғысынан зерттеу және жүргізілген зерттеулер жер учаскесінде іріктелген барлық зерттелетін топырақ үлгілерінде пестицидтердің қалдық саны бойынша талдау нәтижелері бойынша зерттелетін жылы бақыланатын 6 пестицидтің ешқайсысы бойынша ШРК-дан асып кетпегені анықталды. Ауылшаруашылық жерлерінің топырақтарында 4,4-ДДЭ хлорорганикалық пестицидтердің іздік мөлшері байқалды, зерттелген барлық нұсқаларда 0,0001 мг/кг топырақ болды. Гектар бойынша зерттелген учаскенің аумағындағы ГХЦГ α, β γ - изомерлер, 4,4-ДДТ, Алдрин пестицидтері 1,2,3,4,5,6,7,8,11,12,13,14,15,16 гектардан да табылған жоқ. Бұл нәтижелер зерттелетін учаске экологиялық егіншілік бойынша зерттеулер жүргізу үшін сәйкес келгенін көрсетеді. Осылайша, егістіктерде бұрын қолданылған пестицидтерді шамадан тыс және теңгерімсіз қолдану табиғи ортаның ластануына әкелетіні белгілі. Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ауыл шаруашылығы өндірісі аумағының белгілі бір учаскесін топырақтың пестицидтер қалдықтарымен ластануы тұрғысынан зерттеу және жүргізілген зерттеулер жер учаскесінде іріктелген барлық зерттелетін топырақ үлгілерінде пестицидтердің қалдық саны бойынша ШРК-дан асып кетпегендігін көрсетті.