АШЫҚ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ АЗОТТЫҢ ҚОРЫ МЕН ЖОҢЫШҚА ПІШЕНІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШЫНЫҢ ӘСЕРІ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/22
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада жоңышқаның әртүрлі сорттарына енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының әртүрлі мөлшерінің суармалы ашық қара-қоңыр топырақта Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының «Мал азықтық және майлы дақылдар» бөлімінің станционарында жалпы азот қоры мен жоңышқа дақылы сорттарының химиялық құрамына әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Жоңышқа дақылынан қалатын органикалық қалдықтары топырақта жалпы азоттың жинақталуына мүмкіндік жасайды. Мысалы, ашық қара-қоңыр топырағының құрамындағы НС Альфа сортының бақылау нұсқасының 0-20 см қабатында азоттың мөлшерінің жалпы азоттың бастапқы және үш жылдық жоңышқадан соң айырмасы 0,004% -ға, ал 20-40 см қабатында 0,007%-ға дейін жоғарылағанын байқауға болады. Бұл көрсеткіш Банат ВС сортында сәйкесінше 0,003% және 0,008%, Нера сортында 0,001% және 0,010%, Көкөрай сортында 0,003% және 0,005% артқандығы анықталды. Барлық сорттар бойынша тыңайтылған нұсқаларда фосфор тыңайтқышының мөлшері артқан сайын топырақтың құрамындағы жалпы азоттың мөлшерінің бақылау нұсқасымен салыстырғанда едәуір жоғарылағанын байқауға болады. Тәжірибе нұсқаларына байланысты жоңышқа пішенінде азот және калий мөлшері жоғары болса, фосфор мөлшері 4-9 есе аз болды. Жоңышқа дақылының құрамындағы қоректік элементтердің мөлшері фосфор тыңайтқышын қолданғанда жоғары болатынын байқалды. Әлбетте, оның ішінде ең алдымен фосфор мөлшері артты. Оның мөлшері 0,37-ден 0,61% дейін жоғарылады. Фосфор тыңайтқышын енгізу тек қана фосфор мөлшерінің артуына септігін тигізіп ғана қоймады, сонымен қатар өсімдік құрамындағы азоттың мөлшеріде айтарлықтай жоғарылады. Ал өсімдік құрамындағы калий мөлшерінің артуына айтарлықтай әсер етпеген.