КӨКШЕТАУ ТАТАРЛАРЫ ТАРИХЫ (ҚАЗАҚ-ТАТАР ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp100-113
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ және татар халықтарының әдеби, мәдени байланыстарының тарихы бірнеше ғасырға ұластындығы жайындағы мәліметтерге сүйене отырып баяндалған ақпараттар берілген. Қазақ-татар байланыстары туралы, татар халқының қазақ жеріне келу себептері мен қоныс аударуы сияқты тарихи кезеңдерге тоқталып өтіп, қазақ қоғамына тигізген оң ықпалы туралы айтып өтілді. Мақала тарихи және мәдени аспектілерде алып қарастырғанда, татар ұлты өкілдерінің қазақ арасындағы мәдениет пен білімге тигізген ықпалы жайында қарастыру қажет деп табылды. Татар оқығандары мен зиялы қауымының қазақ қоғамындағы орны туралы арнайы қарастырудың негіздемесі қалай пайда болды? Бұл сұрақ жөнінде айтарымыз мынау: ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Патшалық Ресейдің Қазақстанға ықпалы күшейе түсті. Осыған орай, түрлі факторлардың әсерінен татарлардың қазақ жеріне миграциясы күшейді. Сондай-ақ діні, тілі, шығу тегі бір болған себепті қазақ пен татар ұлты адамдары арасында байланыс деңгейі орыстармен салыстырғанда арта түсті. Осыған байланысты, қазақ қоғамы ішінде туындаған мәселелерді шешуде татардың көрнекті тұлғаларының беделі жоғары болды. Мақаланың кіріспе бөлігінде осы және басқа мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, татарлардың түркі тілдес қазақ жерінің солтүстік аумағына қоныстануы мен олардың қазақ қоғамындағы, мұсылман әлеміндегі орны қарастырылды. Мақаланың негізгі бөлімінде қазақ ақындарымен қатар қазақ қоғамында өзінің өнегелі ісімен есте қалған татар зиялыларының әдеби, тарихи бейнесі туралы пікірлер айтылды, мәліметтер мен фактілер негізінде тұжырымдар жасалды.