Abstract
Бұл мақала ғылыми дискурсты және оның ғылыми-көпшілік дискурстың шағын түрін ұсынылып отырған талдаудың мақсаты болып табылатын тілдік тұлғаның, дискурс авторының прагматикалық ниеттерін жүзеге асыратын коммуникативті стратегияларды анықтау тұрғысынан зерттеу болып табылады. Зерттеу материалдары ретінде шетелдік және отандық ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдардың жарияланымдары, ғылыми және ғылыми-көпшілік мазмұны бар білім беру интернет-ресурстары пайдаланылды. Алға қойған мақсатқа келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі: тілдік тұлға теориясының негізгі ережелерін ұсыну, «ғылыми дискурс» және «ғылыми-көпшілік дискурс» ұғымдарының аражігін ажырату және іріктелген практикалық материал негізінде осы дискурстар контекстінде автордың интенциясын жеткізу үшін тілдік тұлға қолданатын коммуникативті құралдаға талдау жасау. Ұсынылған зерттеуде талдау, алынған ақпаратты жалпылау және тағы басқалары сияқты жалпы ғылыми әдістермен қатар контекстік талдау, коммуникативтік стратегиялар мен тактикаларды талдау және т.б. сынды арнайы лингвистикалық зерттеу әдістері де қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ғылыми және ғылыми-көпшілік дискурстардың коммуникативтік стратегиялары анықталды, олардың таңдалуы толығымен дискурс авторының тұлғасына, оның интенцияларына, дүниетанымына, ғылыми көзқарастарына және т.б. байланысты болады. Ғылыми дискурстың коммуникативті стратегияларына логикалық пайымдау, сыни талдау, ғылыми ақпаратты адресатқа және коммуникативтік жағдайға бейімдеу стратегиясы, ұсынылған ғылыми фактілер мен ғылым деректерін визуализациялау стратегиясы жатқызылды. Ғылыми-көпшілік дискурстың тілдік тұлғасының прагматикалық мақсаттары, өз кезегінде, ғылыми ақпаратты жеңілдету стратегиясын, ұсынылған ғылыми білім деректерінің ұқсастық стратегиясын, сондай-ақ ғылымға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ынталандырушы стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.