Қылмыстық сот ісін жүргізудегі сарапшы қорытындысы: халықаралық салыстырмалы талдаудың перспективалары

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2024-147-2-219-229
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Күрделі және көп қырлы қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі негізгі аспектілердің бірі – дәлелдеу процесі. Сарапшылардың пікірлері фактілерді анықтауда, дәлелдемелерді бағалауда және сот шешімдерін шығаруда маңызды рөл атқарады. Бұл ғылыми мақала қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесінде сарапшының қорытындысы ретіндегі халықаралық тәжірибені зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты сарапшылардың қорытындыларын пайдаланудағы халықаралық тәжірибені және олардың қылмыстық сот ісін жүргізуге әсерін талдау. Зерттеудің ғылыми маңызы жоғары, өйткені ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі сараптамалық қорытындылардың рөлін түсінуге ықпал етеді және осы тәжірибені жақсарту үшін ұсыныстар жасауға көмектеседі. Практикалық маңыздылығы дәлелдеу процесін жақсарту, сот шешімдерінің сенімділігін арттыру және әділеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі болып табылады. Зерттеуде жалпыға бірдей диалектикалық - материалистік әдіс, жалпы ғылыми әдістер), арнайы әдістер қолданылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әртүрлі елдердегі сот шешімдеріне әсер ететін факторлар анықталды. Мақала қылмыстық сот ісін жүргізудегі сараптамалық қорытындылардың рөлін түсінуге үлес қоса отырып, оларды қолданудың практикалық аспектілерін анықтайды. Бұл қылмыстық сот ісін жүргізуді жақсарту үшін қосымша зерттеулер мен ұсыныстар жасауға негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері заңгерлер мен құқық қорғаушылар, академиялық қауымдастық үшін де пайдалы болуы мүмкін. Олар неғұрлым тиімді және әділ дәлелдеу жүйелерін дамытуға және қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарының сақталуына ықпал ете алады.