САЯН-АЛТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАНУАР КҮНТІЗБЕСІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2024.06.09
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа. Мақалада Саян-Алтай түркі халықтары және қазақтар күнтізбесінің көшпелі түрлеріне семиотикалық-салыстырмалы талдау жасалған. Тұлғааралық, ұлтаралық сәйкестілікке ықпал ететін, адами қарым-қатынастарды реттеудің күрделі әлеуметтік-мәдени формасына жататын еуразиялық номадтардың 12 жылдық зооморфтық күнтізбесі – тәңіршілдіктің болмыстық негізін зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Түркі халықтарының (телеуіттердің, тувалардың, қазақтардың) 12 жылдық жануарлар күнтізбесі, бұл халықтардың өмір сүру ортасына мәдени бейімделуінің күрделі жүйесі ғана емес, сонымен қатар олардың күнделікті тіршілігінің маңызды мәдени реттеуіштерінің бірі ретінде де әрекет етеді. Зерттеудің мақсаты – Оңтүстік және Батыс Сібірдегі түркі көшпелі халықтарының 12 жылдық жануарлар күнтізбесі түріндегі киелі уақыт генезисіне салыстырмалы-семиотикалық талдау жасау. Зерттеудің жаңалығы түркі халықтарының мәдени өмірін ұйымдастырудың нысандары мен әдістеріндегі ортақ және өзгешелікті анықтау негізінде түркі мәдениетіндегі киелі уақыт ұғымын салыстырмалы және семиотикалық талдаумен анықталады. Зерттеу нәтижелері: Зерттеу екі тақырыптық блокта «Телеуіттер мен қазақтардың мәдени өміріндегі киелі уақыт» және «12 жылдық жануарлар күнтізбесі тувалықтар, телеуттер және қазақтардың күнделікті мәдениетінің реттеушісі ретінде» жүзеге асырылды.