Abstract
Мақалада ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен жетілу жолдары, сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық формациялардың қазақ даласына тигізген әсері жаңа әлеуметтік қабат – интеллигенцияның қоғамдық-саяси көзқарастарына, ұстанымдарына тигізген әсері философиялық-тарихи мәнмәтінде баяндалады. Сондай-ақ, қазақ интеллигенциясының біртұтас ұстанымын қалыптастыруға игі ықпал еткен, оның дүниетанымы мен дүниепайымының орталығына айналған Алаш қайраткерлерінің ой-толғамдары, шығармашылық ізденістері зерделеніп, оның бүгінгі ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тигізген әсері сараланды.