САУЫР ТЕҢГЕЖАПЫРАҚ (ALCHEMILLA SAURI JUZ.) ЭКСТРАКТЫСЫНЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН HACAT ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІН АНЫҚТАУ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.48.71.039
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) экстрактысының антиоксиданттық белсенділігі мен HaCat кератиноцит жасушаларының өміршеңдігін зерттеу туралы нәтижелер көрсетілген. Сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) құрамындағы флавониодтардың едәуір мөлшеріне байланысты антиоксиданттық, қабынауға қарсы әсерлер көрсететін дәрілік өсімдік. Біздің зерттеуіміздің мақсаты сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) экстрактысының антиоксиданттық белсенділігін анықтау және оның HaCat жасушаларының өміршеңдігіне әсерін зерттеу. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға қойылған тапсырмалардың бірі спектрофотометрия әдісімен сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) экстрактысының антиоксиданттық белсенділігін, сонымен қатар in vitro әдісімен оның HaCat кератиноцит жасушаларының өміршеңдігіне әсерін зерттеу. Зерттеу Польша мемелекетінде, Жешув технологиялық университеті, «Косметикалық химия, жасушалар мен тіндерді өсіру» кафедрасының BSL-2 (BioSafety Level 2) типтегі лабораториясында жүргізілді. Антиоксиданттық белсенділікті анықтауда DPPH (2,2-дифенил-1-пикрилгидразил) бос радикалы қолданылды. DPPH бос радикал көмегімен антиоксиданттық белсенділікті анықтау экстракттың антиоксидант ретінде әрекет ету қабілетін бағалаудың кең таралған және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. DPPH (2,2-дифенил-1-пикрилгидразил) – ерітіндіде көк түске ие және антиоксиданттан электрон алған кезде түсі сарыға өзгеретін тұрақты органикалық радикал. Сондай-ақ, бұл радикал тұрақты, оңай синтезделеді және әртүрлі еріткіштерде тұрақты ерітінділер түзеді. Бұл оны зертханалық жағдайда қолдануда ыңғайлы және қарапайым етеді. Антиоксиданттық әсері зерттелген экстрактты болашақта медицинада, дерматологияда, косметологияда қолдану үшін оның HaCat кератиноцит жасушаларына әсерін зерттеу қызығушылық тудырды. Бұл кератиноцит жасушаларын таңдау себебіміз, HaCat өлмейтін кератиноциттер, яғни олар шексіз бөлінуге қабілетті. Бұл тұрақты және ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. HaCaT аббревиатурасы «Hamburg Cancer and Normal Tissues» қазақ тіліне аударғанда «Гамбург қатерлі ісігі және қалыпты тіндер» дегенді білдіреді және Германиядағы қатерлі ісік желісін зерттеу үшін Гамбург орталығында жасалған.