«Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігіне салыстырмалы сипаттама

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6771-2024-146-1-56-70
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Табиғатта өсімдік жабынының жыл сайынғы биологиялық алуандығы мен фитомассасының өнімділігіне және оларға әсер ететін факторларды анықтаудың, бақылау жүргізудің ғылыми әрі практикалық маңызы зор. Бұл мақалада 2019 ж. маусым және қыркүйек айларында жүргізілген зерттеулер мен одан алынған нәтижелер бойынша «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өсімдік жабындары жерүсті фитомассасының өнімділігіне сипаттамалар бердік. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: «Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабындары жерүсті фитомассасының өнімділігін анықтау. Өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігін анықтау үшін далалық геоботаникалық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін қолдандық. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы – қауымдастықтардағы өсімдік жабыны жерүсті фитомассасының өнімділігіне бақылау жүргізу және қазіргі жағдайын бағалау. 2019 ж. маусым айында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде фитомасса өнімділігінің жоғары көрсеткіші жыңғылды-алуаншөпті-астық тұқымдастар қауымдастығында, ал ең төменгі көрсеткіш сексеуілді-жусанды-күйреуік қауымдастығында болды. Осы жылдың қыркүйек айында зерттелінген аймақтардың ішінде жоғары өнімділік бұталы-жусан қауымдастығында, ең төменгі көрсеткіш сексеуіл қауымдастығында анықталды. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері өсімдік жабыны фитомамассасының өнімділігі бірнеше факторларға байланысты екендігін көрсетті. Олар: шөлдену, антpoпoгeндiк әpeкeттiң қapқынды үдepici аумақ өciмдiктepінiң флopaлық құpaмының aзaюынa, топырақтың жeл эpoзияcына ұшырауына алып келеді. Антропогендік факторлармен қоса климаттық және метеорологиялық құбылыстардың да өз әсерлері болады. Осыны ескере отырып авторлар «Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жабындарына үздіксіз мониторинг жүргізуді ұсынады.