Abstract
ЖШС «Каз-метиз» өндірісінде метиздік өнімдерді шығарғанда өнімділіктің төмендегені байқалды. Статистикалық сараптау жұмыстарының нәтижесінде жалпы шығарылатын өнімге қатысты ақаулардың пайызы анықталды. Ақаулардың басым бөлігі сымды созу процесінде тіркелген, яғни өндірудің әр кезеңінде орындалатын сынақтарында сымның үзілу күші МЕМСТ 7348-81 талаптарына сәйкес келмеген. Дайын өнімнің сапасы үшін патенттелген дайындаманы созу станогында өңдеу маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені дайындаманы қысыммен өңдеу операциясынан кейін болашақ өнімнің тұтынышуларға қажетті көрсеткіштері қалыптасады. Дайындаманы өңдегенде жіберілген ақаулар дайын өнімнің сапасыз болуына тікелей өз әсерін тигізеді, яғни жиі тіркелген ақаулардың себептерін зерттеу өзекті проблема. Осы проблеманы болдырмау мақсатымен созу станогындағы барабандардың температуралары әр 1,5 сағат сайын ТК -5.04 контактілі сандық термометрімен өлшенді. Барабан температураларын өлшеу барысында бірнеше ауытқулар тіркелген. Өлшеу нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу мақсатымен STATISTICA қолданбалы бағдарламасында сипаттамалық талдау жүргізілді, сапаны бақылайтын Шухарт картасы құрылды, барабан температурасының жылу ағынына тәуелділігі тұрғызылды. Қақтың сандық және сапалық көрсеткіштері анықталып шашырау диаграммасы арқылы қақтың қалыңдығы мен созу станогы арасындағы корреляция коэффициенті анықталды және ол r= - 0,9707 белгілі болды. Кілтті сөздер: арматуралық арқан, ақау, сымның үзілу күші, созу станогы, барабан.