Abstract
Соя сорттарының түрлі абиотикалық стресстерге және өзгеде жадайларға мүмкіндік төзімділігі әдетте тұқымдарда зерттелінеді, тұқымдарды өсіру барысында неше түрлі құбылыстардың әсері болады. Мәселен, қуаңшылыққа төзімділік осмотикалық қысым дәрежелері әр қилы осмотикалық ерітінділерде тұқымдардың өну, тұзға төзімділік - тұздық фонд және т.с.с. Біздің зерттеу жұмысымызда зертханалық жағдайда соя тұқымдарын мүмкіншілік қуаңшылығында төзімділігін айқындау әдістері қолданылды. Соя сорттарының қуаңшылыққа төзімділігін анықтау барысында сахароза ерітіндігінде тұқымдарының өнуін бақылау және қуаңшылыққа төзімділігі арасындағы байланыс (корреляциялық-регрессиялық) талдау арқылы айқындалды. Зерттеудің ары қарайғы жұмыстары далалық жағдайда вегетациялық кезеңдерін бақылау жұмыстарымен жалғастырылды. Қуаңшылыққа төзімділік 12, 14 және 16 атм. осмотикалық қысымдардағы сахароза ерітіндігінде, бақылау дистилденген су орталарында тұқымдардың өнгіштік реакциялары төзімділіктері бойынша қуаңшылыққа төзімді топтарына бөлуге мүмкіндік берді. Зерттеуге сояның Жансая (st), Бірлік, Ивушка, Алматы, Жалпақсай, Восточная красавица, Радость, Роза, Вита, Даная сорттары алынды. Осы аталған сорттар өзара қуаңшылыққа төзімділіктері деңгейлері бойынша үш топқа бөлінді: жоғары, орташа және орташадан төмен. Зерттеудің нәтижесінде соя сорттарының қуаңшылыққа төзімділіктерін сынау соңында сахароза ерітіндісінің 12, 14 және 16 атм осмотикалық қысымдарында Жалпақсай, Вита және Алматы сорттары жоғары, Даная сорты орташа жоғары, Бірлік, Ивушка, Радость, Роза, Восточная красавица орташа төзімді келді.