Аграрлық секторды қаржылық қолдаудың шетелдік және отандық тәжірибесі

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-171-190
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында аграрлық секторды жедел дамытуға басымдық беріледі. Жақын арада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу әртараптандырудың негізгі көзі және экономикалық өсудің драйвері болуға тиіс. Осыдан экономиканың осы саласын мүмкіндігінше тұрақты қолдау және қаржыландыру міндеті туындайды. Сондықтан ғылыми мақаланың мақсаты шет елдердің аграрлық секторын қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын зерделеу және ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің отандық тәжірибесін жүйелеу болып табылады. Бұл зерттеу барысында статистикалық және салыстырмалы талдау, жалпылау, жүйелік тәсіл, логикалық, синтетикалық әдіс қолданылды. Осы зерттеу нәтижесінде табысы жоғары, орташа және төмен елдердің аграрлық секторын қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды: ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық бағаларын белгілеу және реттеу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін қамтамасыз ету; басым бағыттар бойынша нысаналы пайдалану үшін түрлі субсидиялар; түрлі өтемақы төлемдері; көлемі егіс алқаптарының мөлшеріне байланысты қаржы қаражатын төлеу. Отандық аграрлық секторды қаржыландыру ерекшеліктерін талдау осы саладағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру, жеңілдікті кредиттеумен қамтамасыз ету және т.б. жолымен жүзеге асырылатынын анықтады. Талдау нәтижелері бойынша осы салада бар проблемалар айқындалды, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау жүйесі алдын ала белгіленген нақты нәтижелерді көздемейтіні және одан әрі пысықтауды талап ететіні көрсетілді. Қорытынды ретінде мыналарды атап өтуге болады: қаржылық қолдаудың шетелдік тәжірибесіне жүргізілген талдау ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы мемлекеттің белсенді рөлін көрсетеді. Салық және несие саясатын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығына қолдау көрсету саласындағы шет елдердің тәжірибесін пайдалану мүмкін деп санаймыз.