Abstract
Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру кезіндегі жылу үнемдеу бойынша тиімді шаралардың болмауы, ғимараттар эксплуатациясы кезінде көп мөлшердегі энергетикалық шығындарды қажет етеді. Ол өз кезегінде инвестициялық шығындарды көбейтеді. Олардың барлығы жанатын отынның шығындалуына әкеледі. Жұмыс энергиялық жағынан тиімді, заманауи элементтері арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақала әсіресе ғимараттардың бірінші қабаттары дүкен және т.с.с. қызмет көрсету нысандары ретінде қолданған кезде өте маңызды.