ҰЛТТЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ӨНЕР ТАҚЫРЫБЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/wgzj8113
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Өнер адамының өмірі мен шығармашылығын тақырып арқауы еткен туындылардың қай-қайсысы да көркемдік шеберлігінің өзіндік өрнегімен, өзекті эмоциялық қуатымен, таным-талғамымен, өмір туралы ғибратты, салихалы ой, философиялық толғам айтуымен ерекшеленеді. Мақалада белгілі қаламгер Зейтін Ақышевтың «Жаяу Мұса» романында бейнеленген ұлт тарихы үшін қазақ даласында өнерімен аты аңызға айналған, қара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жазықсыз жала жабылып қуғынға ұшыраған, қазақ өнерінің қайталанбас өкілі, әнші, композитор Мұса Байжанұлының өмір жолы мен шығармашылығы, ұлт руханиятындағы орны сөз болады. Автор қаламгердің Мұса Байжанұлын тек өнер адамы ретінде емес, халқының қамын ойлаған қайраткер ретінде де суреттегенін дәлелдеп шыққан. Өнерпаз кейіпкер өмірін даралап, өмір құбылысы мен әлеуметтік теңсіздікке саятын тартыстың астарында халық мүддесі қалай көрініс табатынына маңыз береді. Көркем шығармаға тарихи тұрғыдан қарау, тарихи кейіпкер мен оның көркем бейнесінің ара салмағын безбендеп, өмір шындығы мен көркем шындықтың арақатынасы жазушылық шеберлік тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар, З. Ақышевтың өмірде болған нақты кейіпкерді көркем образға айналдырудағы көркемдік ізденістері, заман шындығын, кезең келбетін шынайы суреттеуде штрих, детальдарды қолданудағы қаламгерлік шеберлігі де назардан тыс қалмаған. Адам мен заман, тарих пен тарихи тұлға туралы зерттеулерге ғылыми-танымдық пайымдаулар жасалады. Кілтті сөздер: өнер, өнерпаз, кейіпкер, образ, тарихи тұлға, ұлттық құндылықтар.