МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СУРЕТКЕР ШЕБЕРЛІГІНЕ ТАЛДАП ОҚЫТУ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/dvlq7550
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақаланың негізгі мақсаты мен бағыты ретінде заңғар жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің әңгімелеріндегі суреткер шеберлігін оқыту жолдары қарастырылады. Жазушы өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнағаны сөз етіліп, алғашқы әңгімелерімен европалық прозаның дәрежесіне көтерілгені айтылады. М. Әуезовтің прозасына тән шеберлік қырлары анықталып, жазушы туындыларында сомдалатын кейіпкерлер өмірі, олардың портреттері мен характерлері, ішкі психологиясы, табиғат құбылысын адамның көңіл күйіне лайықтап суреттеу ерекшелігі зерделеніп талданады. Пейзаждың қас шебері атанған Мұхтар Әуезов шығармалары әлемдік классиканың төрінен орын алғаны ғалымдар М. Қаратаев, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Р. Нұрғали т.б. пікірлерімен дәлелденіп, алғашқы әңгімелеріне талдау жасалады. Жазушы суреттеуіндегі пейзаж шығармадағы кейіпкердің характерін, психологиясын тануға ерекше қызмет атқаратыны дәлелденеді. Табиғаттың тамаша құбылысын айшықтайтын жазушының «Қыр суреттері», «Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелеріндегі жазушының суреткерлік шеберлігі сараланып көрсетіледі. Зерттеу барысында автор қаламгердің көркемдік кеңістігін, оның ішінде пейзажды суреттеу шеберлігіне жіті көңіл бөледі. Талдау барысында автор суреткердің пейзаждық үлгілерін шығарманың идеялық-эстетикалық қырын ерекше атап өтеді. Жазушы шығармашылығы туралы пікірлерді қарастыра келе, автор қаламгер әңгімелеріндегі суреткерлік шеберлігін таныта түседі. Сонымен қатар зерттеу барысында автор жазушының көркемдік әлеміне барлау жасауда ақпаратты өңдеу, көркемдік бейнелерді салыстыру, жүйелеу, қорытындылау әдіс-тәсілдерін қолданады. М. Әуезовтің әңгімелері әлем жұртшылығына танымал екендігі, сонымен қатар жазушының әңгімелері көркемдік ерекшелігімен әдебиетіміздің асыл қоры болып есептелінеді. Мақаланың қорытынды бөлімінде авторлар жазушының табиғат құбылысын үлкен көркемдік дәрежеге жеткізіп, табиғат көріністерін шығармада қосалқы элементтер ретінде қолдануы қаламгердің өз шығармашылығындағы ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі ұлы жаңалықтардың бірі болып табылады деген тұжырымға келеді. Кілттік сөздер: жазушы, әңгіме, суреткерлік шеберлік, пейзаж, оқыту, мәтін талдау, әдіс.