Философиялық мәтіндерді аударудың кейбір мәселелері

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-145-4-255-270
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әлемде сан түрлі ұлттар мен тілдер бар дегенімізбен, күллі адамзат баласы жаралғалы бері бір әлемде өмір сүреді. Олардың дүние және ондағы орны, бір- біріне деген қарым-қатынасы, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы танымы мен түсінігі көп жағдайда сыртқы формасы ғана болмаса, мазмұны жағынан ортақ, бір-біріне ұқсас болып келеді. Бірақ соған қарамастан, әр құрлықты не климаттық белдеуді мекендеген халықтардың өмір сүру салты, шаруашылығы, діни наным- сенімдері, экономикасы, мәдениетіне байланысты да олардың бір-біріне ұқсамайтын төл әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ойлау жүйесі мен тілі қалыптасқан. Аударма ісі осы саналуандықты жинақтап, бір қарағанда бір-біріне ешбір ұқсамайтын, арасында ешқандай байланыс жоқ сияқты көрінетін көптүрлілікті біріктіру, мәдениеттер арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасау үшін пайда болған адамның саналы қарекетінің ең бір ерекше түрі. Мақалада әдебиеттану ғылымы мен лингвистикадағы, мәдениеттану мен тіл философиясындағы қалыптасқан көзқарастар жүйесі мен тұжырымдамалар негізінде, аударманың тарихы, теориясы мен практикасына қатысты мәселелерге шолу жүргізіліп, әлем мәдениетіндегі орны, аударманың ғылым әрі өнер және философияның да өзекті мәселесі ретіндегі қазіргі ғылымдағы зерттелу деңгейіне сараптама жасалады. Ғылыми әдебиеттер мен философиялық мәтіндерді әлемнің түрлі тілдерінен орыс және қазақ тілдеріне аудару тәжірибесі талданып, оның қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелерімен байланысы, аударманың мәдениеттер арасындағы сұхбат, синтездің жүзеге асуына ықпалы, сондай-ақ ғылым мен философияның дамуына тигізетін әсері зерделенеді. Аудармаға деген философиялық көзқарастың өзіндік ерекшелігі бағамдалады