Abstract
Әлемдік деңгейде жолаушы тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілері арасында кәсіби аурулардың саны күннен-күнге артып келеді. Бұл кәсіп үлкен жауапкершілікті талап етіп қана қоймай, ол адам ағзасына әсер ететін қауіп-қатер факторлар кешенімен сипатталып отыр. Жұмыс орнындағы қолайсыз микроклимат, қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі, жоғарғы статикалық жүктеме және жүйке-жүйесіне әсер ететін қолайсыз жұмыс операцияларымен сипатталады. Ол жолаушы автотранспорты жүргізушілерінің кәсіби жұмыс барысында әртүрлі кәсіптік сипаттағы аурулар мен еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтуымен сипатталады. Оның ішінде, қан қысымы мен жүйке және тыныс алу жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары кеңінен таралған.