Abstract
Мақсат. Ковидке полимеразды тізбекті реакция (ПТР) оң сынамасы бар науқастарда анестезияны және ояту кезеңін оңтайландыру. Зерттеудің материалдары мен әдістері. Жұмыс Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 2021 жылдың қыркүйегінде жүргізілді. Механикалық желдету жағдайында аралас ингаляциялық анестезия әр түрлі жастағы 15 науқасқа (7 ер, 8 әйел) жүргізілді. Оларға түрлі шұғыл хирургиялық операциялар жасалды. Тексеру нәтижесінде COVID-инфекциясына ПТР сынамасы оң нәтиже берді. Негізгі хирургиялық патологияға, интоксикацияға және қатар жүретін патологияға байланысты, бастапқы жағдайы ауыр. Анестезия кезеңінде және ояту кезеңінде операциялық бөлмеде инфекцияның ластану қаупін азайту үшін барлық жағдайлар орындалды. Негізгі қорытындылар. Операция бөлмесінде инфекцияның жұқтыру қаупін азайту шарттары — эндотрахеальды интубацияны қолдану, ингаляциялық анестезияны қолдану, тыныс алу тізбегінің жолдарына екі бактериялық сүзгіні орналастыру және трахеяны «ұйқы кезінде» экстубациялау.