Abstract
Кез келген грамматикалық құбылыстың екінші бір заңдылыққа әсер ете отырыпдамитыны белгілі. Сондықтан тілдік заңдылықтарды жалаң сипаттамай, ішкі байланыстақарастыру орынды. Мақалада модалділік санаты мен транспозиция құбылысы бірлікте талданып,екі грамматикалық заңдылықтың теориялық мәселелері сипатталды. Модалді мәнді түрлендірежеткізуге тірек болатын транспозицияланған бірліктердің мәтін аясында қалыптасатыны, сөйлеутілінің қажеттілігін өтей отырып, сөйлеу әрекетінде өңделетіні, мағыналық жақтан кеңейіп,жаңаратыны дәлелденді. Сондай-ақ, транспозицияланған сөздердің мәтіндегі семантикалықкеңістік әсерінен және тілдік бірліктердің прагматикалық қажеттілігінен туындайтын көпфункциялы қызметі сараланды. Талданған мақала аясында тілдік деректерге сүйене отырып,транспозицияланған бірліктердің белгілі бір мәтін аясындағы мағынасын өзектендіругесемантикалық кеңістіктегі контекстік синонимдердің, контекстік антонимдердің, синтаксистіктіркестердің және бейлингвистикалық амалдардың ықпалы болатыны айқындалды.