Abstract
Әлемдік тіл білімінде теориялық лексикография ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ал түркі лексикографиясы өзінің тарихи бастауын ХІ ғасырдағы классикалық араб тіл білімімен сабақтаса дамыған орта ғасыр түркітіл біліміндегі сөздік түзу ісінен алады. Тарихы мың жылға жуықтаған түркі лексикографиясы ХІ ғасырдағы Махмуд Қашқари дайындаған «Диуани лұғат ат-түрік» аттыәйгілі сөздіктен басталды. Бұл бірегей сөздік түркі тілдерінің сөз қазынасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің басы ғана емес, лингвистикалық түркітану саласындағы ғылыми зерттеулерге осы күнге дейін дереккөз қызметін атқарып келе жатқанымен құнды екені белгілі.Мақалада түркі лексикографиясы, оның ішінде түрік лексикографиясының дамуы қарастырылады. Түркі лексикографиясында пайда болған алғашқы сөздіктер мен түріксөздіктерінің түзілу тарихы жайлы сөз етіледі. Түрік сөздікшілерінің жасаған жұмыстары мен өнегелі еңбектері туралы айтылады.