Қазақ тіліндегі «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» паремиясының прагма-когнитивті әлеуеті

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-140-3-70-81
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ танымындағы «Ер туған жеріне, Ит тойған жеріне.» паремиясының прагматикалық әлеуеті қарастырылған. Зерттеу жұмысы мақалдың қазіргі кезеңдегі танымдық-прагматикалық потенциялын анықтауды мақсат етеді. Паремияны негізге ала отырып тіл философиясы, когнитивистикадағы және прагмалингвистикадағы кейбір мәселелердің жауабын табу – зерттеу жұмысының негізгі идеясы. Антрополингвистикалық парадигманың беріп отырған мүмкіндігінің арқасында аталған іргелі салаларды еркін интеграциялауға болатынын байқаймыз. Теориялық тұжырымдар мен гипотезалар, паремиялардың уәждемесіне байланысты классификациялар секілді тұрақты ұғымдардан бөлек, тіл философиясының объектісіне енетін ментализ теориясы да зерттеу жұмысының ауқымында қарастырылған. Сонымен бірге автор когнитивистикамен ұштасып келген ментализ теориясының лингвофольклордағы көрінісін прагмалингвистиканың категориялары арқылы жеткізуге тырысқан. Қазіргі кезеңде когнициядағы ақпараттарды таңбалаудағы адам баласының әрекеттерін зерттеу ғылым үшін өте өзекті. Мұның ой тілімен байланысты болуы да мәселенің маңызын арттырады. Зерттеу барысында лингвофольклорлық бірлікті этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық тұрғыда зерттеудің әдіс-тәсілдері қолданылған. Нәтижесінде соңғы жылдарда жоғарыда аталған мақалдың прагма-когнитивистикалық әлеуеті түсіп кеткендігін байқаймыз. Автор респонденттердің мақал мазмұнын түсінбеунің себебі ретінде: танымның тарылуы, ерік және ментализдік құзіретсіздік секілді факторларды көрсетеді. Паремияны прагма-когнитивтік аспектіде қарастырған еңбек ретінде мақала аталған салаларға қызығушылар мен зерттеушілерге маңызды болмақ. Зерттеу нәтижесі мен тұжырымдарын прагма-когнитивтистикалық зерттеулерде, паремиялық сөздіктерде пайдалануға болады.