Мәмлүк-қыпшақ тілінде діни мазмұнда жазылған ортағасырлық жазба ескерткіштердің (ХІІІ-ХV ғ.) зерттелу мәселелері

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-140-3-82-94
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған діни-дидактикалық ескерткіштердің зерттелу деңгейіне шолу жасалып, ортағасырлық қолжазбаларды зерттеуде кездесетін мәселелер сөз болады. Қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің ғылымда қалыптасқан жіктеу үлгілері көрсетіліп, мәмлүк-қыпшақ тіліндегі еңбектер мазмұндық жағынан топтастырылып беріледі. Болашақ зерттеушілерге қолжетімді болу үшін ғылымда белгілі мәмлүк-қыпшақ тіліндегі қолжазбалар алғаш рет бір жерге жинақталып, олардың барлығына қысқаша ғылыми сипаттама, ал теологиялық ескерткіштерге қатысты нақты мәліметтер беріліп, зерттелу деңгейіне талдау жасалады. Бүгінгі жаһандану заманында ұмытыла бастаған мыңдаған жылдық тарихы бар бабалар мұрасын қайтадан жаңғырту негізінде қазіргі отандық ғылымда ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, наным-сенімі, діни ұстанымдары туралы ортағасырлық қолжазбаларды тауып, елге әкеліп, кешенді түрде зерттеу арқылы ұлтымыздың өткен тарихын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жазба ескерткіштердің арасында ХІІІ-ХV ғасырларда дүниеге келген мәмлүк-қыпшақ тіліндегі қожазбалардың, әсіресе діни сарында жазылған еңбектердің алатын орны ерекше. Бұл мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер тек Мысыр қоғамына қатысты емес, жалпы түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, наным-сенімін, діни ұстанымын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады. Зерттеу жұмысы ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен №AP09058201 «Иршәдул-мулук уәс-салатин» ескерткішіндегі (ХІV ғ.) теолингвистикалық кеңістік» атты ғылыми жоба аясында орындалды.