Қолданбалы геометриялық «өлшем», «мөлшер» атауларының этнолингвистикалық сипаты

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-141-4-55-66
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала қолданбалы геометрия саласындағы ұлттық болмысымыз бен руханиятынымызды танытатын терминдерді түсіндіру және жасалу жолын анықтаумәселелеріне арналады. Зерттеуде қолданбалы геометрия терминдеріне қатысты ұзындық, арақашықтық, көлем, кеңестік өлшем бірліктерінің этнолингвистикалық, семантикалық табиғаты қарастырылады. «Ғылым тілі» ұғымына ұлттық көзқарастықалыптастыру мақсатында және қазіргі қолданбалы геометрия терминдердің ішіндегі“өлшем”, “мөлшер” ұғымдарына қатысты атаулардың шығу төркініне, этнолингвистикалық мәніне, мағынасына, тілдің даму барысындағы қолданылу аясына тоқталыпталдау осы зерттеу жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Осыған байланыстыөлшемдік ұғымды білдіретін атауларға қазақ халқының танымымен байланыстыраотырып, түсініктеме беріледі.Зерттеу жұмысының мақсаты - қолданбалы геометрияның өлшемдік ұғымды білдіретін атауларының (ұзындық, арақашықтық, көлем, кеңістік, қалыңдық, тереңдік,биіктік, т.б.) этнолингвистикалық сипатын халық ауыз әдебиеті, шетелдік және қазақстандық ғалымдардың лингвистикалық, этнографиялық жұмыстары, түрлі сөздіктер мен ғылыми зерттеулер деректері негізінде талдау, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерімен салғастыра зерттеу болып табылады.Зерттеу нысанына алынған терминдердің этимологиялық қырлары сараланып, этнология, мәдениеттану, когнитологиялық бірліктер аясында талданады. Авторлар “мөлшер, “өлшем” ұғымдары - сананы ұлттық болмыспен байланыстырушы арна деп санайды. Әлемді “өлшем” “мөлшер” ұғымы аясында таныту тілдік бірліктердің руханикеңістіктегі мәдени код ретіндегі қызметін айқындайды.Мақаланы жазу барысында тақырыптың ерекшілігіне және мақсатына сәйкес салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы, когнитивтік, этнолингвистикалық талдау әдістеріқолданылады.