Поэзия морфологиясы (Абай өлеңдері мысалында)

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-188-202
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада поэзия мәтінін морфологиялық аспектіде талдау Абай өлеңдері мысалында жүзеге асырылады. Структурализмнің семиотикалық тәсілі таңбаның көркем мәтін құрылымындағы қызметін танытуды мұрат тұтса, көркемдік-эстетикалық міндет арқалаған таңба өз бойына символикалық, детальдық, бейнелеушілік сипатты жинақтайды. Бұл сипаттар бір тұтастыққа айналған мәтіннің бөлшектері ретінде түрлі бағыттағы зерттеулерге нысан болады. Семиотикалық талдау мәтіндегі таңбалық және одан туындайтын бейнелілік құрылымды нысанға алады. Зерттеудің бұл бағытында морфологиялық тәсілдің тиімділігі басым. Әдебиетке қатысты «морфология» терминін қолдану жаңалық емес, нақтырақ айтқанда, әлем әдебиеттануы үшін бұл қолданыстағы ұғым. ХХ ғасырдың басында фольклортану мен әдебиеттануда ғылыми қолданысқа енген бұл ұғым көркем туындының күллі бөлшектерін даралай және жинақтай қарастыруымен тың тұжырымдарға қол жеткізді. Жалпы структурализмнің бастау көзінің бірі орыс формализмі болса, екіншісі пропптық морфология екені белгілі. Сондықтан әдеби морфологияны басшылыққа алғанда құрылымдық талдаудың іргетасын қалап берген формализмнің де тарихи ролін ескермей кетуге болмайды. Әдеби морфологияның талдау ұстанымдары арқылы мәтін құрылымының бөлшегі мен тұтастығын қарастыру – бұл мақаланың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін Абай өлеңдерін бөлшектей талдауда актанттық, бейнелілік құрылым анықталады. Сол бөлшектік құрылымдағы логикалық байланыс пен ұқсастықтар арқылы тұтастану заңдылығы көрсетіліп, цикл өлеңдер туралы ой тұжырымдалады.