Қазақ тілін үйретуде мобильді қосымшаларды пайдаланудың тиімділігі

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-203-215
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қашықтан оқыту практикасының жоғары даму қарқыны туындатқан компьютерлік лингводидактика бағытында қазақ тілін оқытудың жаңа форматтары талданып, теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Сәйкесінше, зерттеудің мақсаты мобильді оқу-ойын қосымшаларын игеруді, лексикалық дағдыларды қалыптастыра отырып тілдік қателерді диагностикалауды, бекіту және бақылау құралы ретінде пайдалану болжамын талдау болып табылады. Аталмыш мақсатқа жету үшін тікелей бақылау, сипаттау, деректерді салыстыру, зерттеу объектілерін жіктеу, алынған ақпаратты жалпылау және түсіндіру тәрізді әдістер кешені қолданылды. Сондай­ақ, дәйекті тұжырым мен нәтижеге педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау, әдістемелік эксперимент және сауалнама сынды эмпирикалық әдістер алып келді. Зерттеу нәтижесінде «Quizizz» қосымшасын пайдаланып қазақ тілін оқытуда лексикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрудың сипаттамасы жасалады. Оқытудың құралы ретінде қосымшаның осы түрін қолдану перспективалары лингвометодикалық аспектіде – эксперимент нәтижелері негізінде және психо-педагогикалық аспектіде – білім алушылардың сауалнамасы негізінде талданады. Зерттеу нәтижелерін оқу-ойын бағдарламалық кешендері мен қосымшаларын жобалауда, мобильді қосымшаларды қолданып тапсырмалар құрастыруда пайдалануға болады. Электрондық білім беру жүйелерін қолданудың негізгі мақсаты оқу үрдісін оның барлық қатысушылары (оқушылар, педагогтер) үшін оңтайландыру болып табылады. Білім алушылардың жеке қызығушылықтары мен оқу үдерісіндегі деңгейлеріне негізделген қазақ тілі сабақтарындағы мобильді қосымшалардың тиімділігін эксперименттік тексеру нәтижесі лексикалық дағдыларды меңгертуде оң әсерін көрсетті.