Асқар Алтай шығармаларындағы интермәтіндік ерекшелік

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-160-168
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әдебиет – динамикалық құбылыс, ол үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Әдеби процестің өзгеруі қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірімен тікелей байланысты. Әдебиеттегі соңы жаңалықтарды көркем шығармаларында орнымен қолдана білетін қазақ әдебиетінің бүгінгі өкілі Асқар Алтай шығармалары шын мәнінде ерекше ғылыми зерттеуді қажет етеді. Автор шығармаларындағы өзгешелік интермәтінділіктің сюжеттік желіге сай қолданылуы. Жұмыстың мақсаты да қаламгер қолданысындағы интермәтіндік ерекшеліктің шығармалардағы көрінісін анықтау болып табылады. Жазушы шығармашылығында ерекше назар аударатын мәселе – негізі ойдың берілу жолындағы ерекшелік. Автор негізгі ойды беруде интермәтінділікті ұтымды пайдаланады. Негізгі оқиға желісіне бұрын болған аңыз-әңгімелерді кіріктіру арқылы ойдың мазмұнын нақтылай түседі. Өмірде шынайы болған оқиғаны шығарма мазмұнына сай кіріктіру негізінде автор оқырманға жаңа ой тастайды, оқырманның жаңа білім алуына септігін тигізеді. Автор шығармаларындағы тағы бір ерекше мотив – түстің берілу жолы. Асқар Алтай шығармаларында шындықты жеткізуде, кейіпкерге аян беруде, кейіпкерге жол нұсқауда түс мотиві көркем тәсіл болып қолданылады. Көркем шығармадағы түстің берілу жолы шығарма мазмұнының өрбуіне жаңа сипат береді. Шығарма кейіпкерлерінің түс көруі алдағы болатын оқиғаға кіріспе негізінде көрініс тауып отырады. Жазба жұмысы кіріспе, талқылау мен нәтиже және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Автор шығармаларындағы интермәтіндік ерекшелікті анықтау үшін қаламгердің бірнеше әңгімесі мен «Алтайдың алқызыл модағайы» романы талдауға алынды. Зерттеу нәтижесінде автор шығармаларындағы мәтіндік ерекшеліктер талқыланды