Фольклордағы синкреттілік: жанр және термин (А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-179-187
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алаштың рухани көсемі, ғалым Ахмет Байтұрсынұлын әдебиет және фольклор терминдерінің негізін қалаушы деп білеміз. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» кітабы – қашанда өзінің ғылыми күшін жоймайтын, өзектілік әлеуеті төмендемейтін құнды еңбек. Бұл еңбекті қараған сайын жаңа концепциялық ой түйіндерін жасауға болады және кітаптың әр тарауы, әр бөлімі, тіпті ондағы әрбір терминдік ұғым тұтас бір ғылыми жұмысқа өзек болатындай талдау жұмысына сұранып тұрады. Бұл мақалада ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі фольклор терминдері және олардың бүгінгі түркі халықтарындағы интерпретациясы сөз болады. Ғалымның аталған еңбегіндегі «Ермектеме» тарауында берілген «ертегісімек» ұғымын саралауға талпыныс жасалады. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы терминдері арқылы жанрлық дифференциациядағы функционалды принцип негіздері талданады. «Ертегісімек – әпсана» терминдік байланысы және көркем бейне мәселесі сарапталады. Мәтіндік талдау аясында түркілік фольклортану контексіндегі «ертегісімек – әпсана – анекдот» қатынасы тұжырымдалады. Мұндай түйткілді теориялық мәселені сараптау ғылыми мақаланың жаңашылдығымен қатар маңыздылығын да көрсетеді. Жалпы алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының жанрлық ұғымдарды жүйелеу мен ғылыми терминология қалыптастырудағы ұстанымы күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін сақтап келеді.