Қоғамды цифрландыру және ақпараттандыру конституциялық құндылықтарды өзгертудің триггерлері ретінде

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2022-140-3-32-46
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті Клаус Швабтың бір аттас кітабында технологиялық прогреске төртінші өнеркәсіптік революция себеп болды және ақпарат ол жерде басты маңызды рөл атқарды, ол қоғамдық өмірді барлық жағынан болмаса да, оны жан-жақты тез және әрі қарай өзгертетіні анық және адамзат тарихында мұндай технологиялық даму деңгейін ешкім көрмеген және бұрын-соңды болмағаны күмәнсіз деп жарияланған. Осыған орай ақпараттық және цифрлық алаңда туындайтын жаңа құқықтық қатынастарды зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды. Осы мақаланың мақсаты – әркімнің жеке өмірге құқығы, телефонмен еркін қауіпсіз сөйлесу және тағы басқа да құқығы жайында, сонымен қатар әр адамның заң жүзінде шексіз еркін ақпарат таратып ақпарат алу құқығы сияқты конституциялық құндылықтардың трансформациясына цифрландыру мен ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайы мен әсерін зерттеу болып табылады. Зерделеу барысында үш нәтижеге қол жеткіздік, біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең маңыздысы, тиісті құқықтық актіні дамытып дайындау және құқықтық айналымға «Ақпаратты пайдалану ережелері» (ақпараттық диета) деген ұғымды енгізу қажеттігі туралы ұсыныс, ол біз ойлағандай, бейінді мамандарды, соның ішінде медицина ғылымдарыныңқызметкерлерін тарта отырып, одан әрі толық зерттеу мен талқылауды қажет етеді деп санаймыз. Клаус Швабтың пайымдауына сүйенсек, біз әркімнің жеке өміріне, жеке құпиясына, телефон арқылы сөйлесу құпиясына және т.б. сияқты конституциялық құндылықтардың қысқа мерзімде мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген қорытындыға келіп отырмыз.