Abstract
Бүгінгі таңда өнеркәсіпте залалсыздандыру үрдісі бойынша атап айтқанда косметология, криминалистика, банк ісі және медицинада флуоресцентті ультракүлгін түтік шамдары қолданылады. Алайда кейбір шамдардың конструкциясына спектрлік сәулелену сипаттамасы бойынша олардың энергия шығымы өте жоғары. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша T8 колба жарықдиодты ультракүлгін шамның, жарықтандыру сипаттамалары бойынша (қуат, энергия ағыны, спектрлік сәулеленудің таралуы) негізгі параметрлері қарастырылған. Жарықдиодты шамның конструкциялық құрылымына диаметрі 15 мм және ұзындығы 500 мм болатын шыны увиол түтігі кіреді (қабырғаның қалыңдығы 0,8 мм, шыны маркасы SL97-3). Шамды дәл орналастыру үшін сәулелендіру қондырғысында және оны электрмен жабдықтауда, G10 түйреуіш түріндегі пластикалық негіздер орнатылған (электрлік контактілер 11,5 мм). Электрлік параметрлерді оның ішінде энергия ағынын өлшеу және сәулеленудің спектрлік таралуы номиналды желілік кернеуде жүзеге асырылады. Әзірленген жарықдиодты басқа өндірісте қолданылып жүрген шамдарға қарағанда 5,5 есе аз электр энергиясын тұтынады, сонымен қатар шамның құрамында зиянды сынап және оның қосылыстары жоқ. Сондықтан технологиялық үрдіс кезінде (фотохимиялық реакциялар, кептіру, емдеу, залалсыздандыру және тағы басқа), УК сәулесі үшін шығарылған люминесцентті құбырлы ультракүлгін лампалар ЛҚУЛ - 10 жарық диод шамдарының орнына T8 шамды пайдалануға болады.