Abstract
Заманауи қоғамдық жолаушылар тпасымалдаушы автокөлігінің қызметі саласында әртүрлі даулы болған күрделі мәселелер бар. Солардың ішінде жол қауіпсіздігі мен техникалық қызмет көрсетудің төмендігі және жолаушылар тасымалдаушы көлігінің төлемдерін, яғни тарифтерін реттеуді қаржыландырудың тұрақты жетіспеушілігімен байланысты. Жұмыстың мақсаты-барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалының тарифтік саясатын жетілдіру үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу. Зерттеу барысында жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, синтез, экономикалық-математикалық модельдер және ғылыми іздеудің басқа әдістері қолданылды. Мақаланың теориялық маңыздылығы жол көлігін тарифтеу мәселелерін зерттеу теориясын жұмыстағы ғылыми ережелермен, ұсыныстармен толықтырады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қалалық жол көлігінің тарифтік саясатын қалыптастыруда, жол көлігі кәсіпорындарының шығындарын жоюда және халыққа көліктік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында пайдаланылу үшін әзірлеген әдістемелік және ғылыми-практикалық ұсынымдарға байланысты.